Бір ауылда екі кішкентай дос – Алпамыс пен Қалихан тұратын. Жаңа оқу жылы басталғанда жеті жасар Қалихан мектепке қабылданса, алты жасар досы қабылданбайды. Алпамыс үйіне жылап оралды. Сол күннен бастап баланың барлық армандары мен ойлары мектеппен байланысты болды. Ол сынып терезесінің алдына отырып, мұғалімнің балаларға айтқанының бәрін түсініп, қабылдауға тырысты. Досының білімі мен асқан қабілетіне көзі жеткен Қалихан оған көмектесуді ұйғарады. Ақыры Алпамыс мақсатына жетеді: бірінші сыныпқа қабылданады.